08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Торт пен жұмыртқаның халалы бола ма?

Торт пен жұмыртқаның халалы бола ма?

Пәтуа all

Торт ұннан жасалады. Оның да халалы бола ма?

Әрине, болады. Себебі, құрамына қосылатын қоспаларды білуіміз керек. Торттың құрамында көбіне желатин, кармин секілді зиянды қоспалар болады. Кармин деген қызыл қоңыз. Сол қызыл қоңызды ыстық суға салып өлтіріп, содан бояу алады.  Сондықтан, зиянды қоспалар қолданылатын тағамдардан аулақ болуымыз керек.

Ал, жұмыртқаның халалы бола ма? Болады. Мәселе оны тауық туғанында емес, мәселе сол тауықтың не жегенінде. Қазір көптеген құс фабрикалары күніне он мың, жиырма мың бас тауық сойып, етін өткізеді. Ал оның басы, аяғы, ішкі органдары қайда кетеді деп ойлайсыз?

Жоқ. Ол жерде күніне жиырма мың бас сойылады. Ал жылына сойылатын тауықтың қалдығын қайда көме береді. Сыртқа ашық үйіп тастаса, біріншіден, иісі шығып ауаны ластайды, екіншіден, одан вирус тарайды. Сондықтан олар күнделікті шығатын қалдықтар бар, арасында өліп қалған тауығын, тапталып қалған балапанын бәрін еттартқыштан өткізіп, ұнтап, кептіріп, оған түрлі дәрумендер қосып, тауықтарға жем ретінде қайта береді. Демек, тауықтарды өлексемен бағып отыр. Ал өлексені жеген тауықтың еті де, жұмыртқасы да халал болып есептелмейді. Яғни құс фабрикасы балапандарға осындай ет және сүйектен жасалған жем беретін болса, біз оларға халал сертификат бере алмаймыз.

ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» директоры

Айбек Асқарбекұлының сұхбатынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: