24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Маргарин майын тұтынуға бола ма?

Маргарин майын тұтынуға бола ма?

Пәтуа all

Тағамның кез-келген түрінің мүбаһ болуы оның діни тұрғыдан жарамдылығына байланысты.

Осыған орай доңыздың майы, еті, сүйегі, т.с.с. қосылған тағамды жеуге тыйым салынады. Маргариндерге келсек, олардың құрамында хош иіс беретін эссенция (ароматты көміртектер) бар. Бұл эссенция спирттің көмегімен алынатын болса, мұндай қоспасы бар маргаринді жеуге болмайды. Мамандардың айтуынша, маргариндер 40°С температурада еритін көрінеді. Ал адам денесінің қалыпты температурасы 36-36,5°С құрайды. Маргаринді сіңіру үшін ағза шамадан тыс күш жұмсайтын болады не болмаса қан тамырларының тарылу қаупі туындайды. Қорыта айтқанда, маргариннің құрамында діни тұрғыдан қажетсіз деп табылған қоспалар болмаса, жеуге, тамаққа пайдалануға жарайды. Десек те профилактикалық медицина тұрғысынан ағзаға тигізер зиянын үнемі ескеріп отырған абзал.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: