27
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Дәретке сулы майлық (салфетка) қолдануға бола ма?

Дәретке сулы майлық (салфетка) қолдануға бола ма?

Пәтуа all

Дымқыл майлықпен дәретте жуылуы тиіс жерлерді сүртіп қою дәрет боп есептелмейді.

Өйткені Жаратушы Иеміз дәретке байланысты аятта «жуыңдар» деп біздерге бұйырып тұр. Сондықтан «жуу» ісі жүзеге асуы парыз. Ғалымдарымыздың анықтамасы бойынша жуу дегеніміз: «Қажетті жерге суды ағызу» дегенді білдіреді.  Дәретте жуылуы тиіс жерлерге (қол, бет, аяқ) суды ағызбай, тек дымқылдап сүртіп қою дәрет боп саналмайды. Өйткені тек сүрту арқылы жуу бұйрығы толығымен жүзеге аспайды.  

Осыған сәйкес ертеректегі ханафи ғұламалары: «Әлдекім дәретінде қармен ысқылаған жағдайда, ешбір тамшы тамбайтын болса, онда ол дәрет боп саналмайды. Ал қар еріп (ең кемі) екі-үш тамшы тамып жатса, онда дәреті дұрыс. Себебі «суды ағызу» ісі жүзеге асты», - деген.

материал «Заман тудырған сұрақтар, І том» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: