28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Жындар қай жерді мекендейді?

Жындар қай жерді мекендейді?

Ислам тарихы

Жын – адам мен періштелер секілді Алла Тағаланың жаратылыстарының бірі. Жындардың жаратылысы туралы «Рахман» сүресінде: «Ол адамды (Адам атаны) (қыш) (құмыра) секілді құрғақ лайдан жаратты. Ал жынды оттың жалынынан жаратты» делінген. («Рахман» сүресі, 14-15-аяттар). 

Олар жердің барлық бұрышында өмір сүреді, алайда, ең жиі мекен ететін орындары: шөл дала, қираған орындар, қи үйінділерінде, моншада, қабір, дәретхана, жердің тесік-жарықтарында т.б.

Сол себепті, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмбетіне моншада және қабірде намаз оқуға тыйым салды. Жындар негізінен адамға көп зиян тигізуге болатын жерлерді таңдайды. Мәселен, базарды алайық. Хадисте: «Мүмкіндіктерің болса, базарға бірінші болып келмеңдер және ең соңғы болып қайтпаңдар. Бұл шайтанның ұрыс алаңы және ол сол жерге өз туын тіккен» (Бұхари, Муслим).

Шайтандар Адам ұрпақтарының үйін де мекен ете береді. Әрбір мұсылман тамақты ауызға алмас бұрын «Бисмилләһ», яғни, «Алланың атымен бастаймын» деп айтуы қажет. «Кісі үйіне кіргенде және тамақ жейтін кезінде Алланы есіне алса, шайтан: «Бізге (бұл үйде) түнейтін орын да, кешкі ас та жоқ» дейді. Ол (үйіне) кіргенде Алланы есіне алмаса: «Біз түнейтін орын таптық» дейді. Ал тамақ жейтін кезінде Алланы есіне алмаса (шайтан): «Біз түнейтін орынды да, кешкі асты да таптық» дейді (Муслим).

Сондай-ақ, жынның ең жақсы көріп отыратын жері – күн мен көлеңкенің арасы. Пайғамбарымыз адамдарға дәл осы жерде отыруға рұқсат етпейтін.

ummet.kz

Бөлісу: