27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Әлемді көтеріп тұрған періштелер (Муқарреб періштелер)

Әлемді көтеріп тұрған періштелер (Муқарреб періштелер)

Ислам тарихы

Алла тағаланың төрт үлкен періштеден (Жәбірейіл, Микайыл, Исрафил, Әзірейіл) басқа қаншама періштелері бар.

Ол жаратқан нәрселердің барлығы босқа жаратылмаған. Періштелердің бір жартысы, Жаратушының ұлылығын білдіретін «ғаршты» көтеретін, оның айналасында болып үнемі Алланы мадақтайтын періштелер. Бұларды ғарышты арқалаған періштелер мағынасында «хамала-и арш» деп атайды. Бұлар Құран Кәрімде «әл-Мәләкул-мукаррабин» түрінде баяндалып, Алланың ұлық мақамына жақын періштелер тобына жатады.

«Ғарышты арқалап, оның айналасында болатын періштелер Раббысын ұлықтайды, оған иман етеді, мүміндер үшін де былай деп кешірім сұрайды: «Ей, Раббымыз! Сен барлық нәрсені рахымыңа, біліміңе бөлеушісің. Күнәларынан тәуба етіп, сен көрсеткен жолда жүргендерді кешір, оларды тозақ отынан сақта». «Ей, Раббымыз! Әрі оларды, әрі олардың аталарынан, жұбайларынан және тегінен келген имандарына жарасатын жақсы қылық танытқандарды, оларға уәде еткен Адн жәннатына кіргіз. Шүбәсіз сен құдірет иесі, барлық нәрсені орнымен Жаратушысың!» «Оларды қателіктер мен күнәнің жаман нәтжелерінен қорға! Сен сол күні кімді азап пен қиындықтан қорғасаң, шүбәсіз оның мархаматына бөленгені міне, нағыз бақыт пен қуаныш осы» (Мүмін, 40/7-9)

«(Ей, пайғамбар!) Егер адамдар Аллаға құлшылық етуді артық көре алмаса Раббыңның қасындағы періштелер күні-түні оны мадақтап, ұлықтайтындығын білсін» («Фуссилат», 41/38). Ғарышты арқалаған періштелердің саны Құранда айтылған, бірақ оны қоршаған періштелердің саны көрсетілмеген.

 

материал «Періштелерге иман» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: