28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Жын мен шайтанның айырмашылығы қандай?

Жын мен шайтанның айырмашылығы қандай?

Ислам тарихы

Ібіліс – жын тайпасынан. Шайтан – адастырушы, дұрыс жолдан айырушы деген сөз. Осы себептен Ібілістің балаларына шайтан делінеді. Құран кәрімде шайтандардың көп екендігі білдірілген. Мысалы «Ысырап етушілер – шайтандардың бауырлары» делінген. («Исра» 27).

Шайтан мен жын арасында аздаған айырмашылық бар. Шайтандар да жын сияқты от пен ауадан жаратылған. Алғашқы адам топырақтан жаратылған болса да, топырақ емес, ет-сүйектен құралған. Жын да от пен ауадан жаратылған болса да, от пен ауа емес. Жын мен шайтандар ең кішкентай жерлерден өтеді, адамның ішіне кіреді. Шайтанның уәсуәсасынан құтылу үшін дінге мойынсұну керек. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ібіліс шайтандарға айтады: «Ет, әйел және ішкілікпен адамдарды алдауға тырысыңдар! Бұлардан әсерлі болатын басқа ештеңе жоқ.» (Дәйләми)

Артық ет жеудің зиянды екені осы хадис шәрифтен де аңғарылуда.

Жынға үйлену Шафии мазһабында жаиз, Ханафиде жаиз емес. Жынның көбеюі газ (ауа) арқылы жүзеге асады. Сондықтан жынға үйлену шынайы үйлену емес. Жыннан, жынмен айналысатындардан ұзақ жүру керек.

Әр адамның жанында ең аз дегенде бір кәпір жын, бір шайтан болады. Хадис шәрифте былай делінеді: «Әр мұсылманға жүз алпыс періште уәкіл. Егер адам бір сәтке болса да жалғыз қалдырылғанда, шайтандар оған шабуылдайтын еді.» (Табарани).

ummet.kz

Бөлісу: