03
Жұма,
Мамыр

һижри

Жындар үйленіп, балалы бола ма?

Жындар үйленіп, балалы бола ма?

Ислам тарихы

Иә, жындар да үйленеді және балалы бола алады. Алла Тағала Ібіліс туралы: «Сонда ол сендерге дұшпан болса да, Мені қойып оны (шайтанды) және оның ұрпағын қамқоршы етіп аласыңдар ма?» деген.

Бұл аят олардың ұрпақ қалдыру үшін үйленетіндіктерін нұсқайды. Олардың бейматериалдық жаратылыстары көбеюлеріне кедергі болмайды.

Сондай-ақ, «Рахман» сүресіндегі Жәннаттағы қыздар туралы: «Онда олардан (адам мен жыннан) бұрын адам да, жын да жақындамаған, көздерін тыйып, сақтаушылар» бар делінеді. («Рахман» сүресі, 56-аят). Бұл аят оларда жыныстық қатынастың болатындығына нұсқайды. Ал Пайғамбарымыз: «Жындар да Адам ұрпақтары секілді көбейеді, бірақ, олардың саны көп» деген (Әби Хатим).

ummet.kz

Бөлісу: