13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Құран қас дұшпаннан қорғайды

Құран қас дұшпаннан қорғайды

Ислам тарихы

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді», (Ахмад, Муслим),  «Кім таңертең «Аятул Күрсіні» оқыса, кешке дейін шайтаннан қорғалады, ал кім кешке оқыса, таңға дейін қорғалады» деген. (Хаким).

Әбу Хабис (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Уа, Әбу Хабис! Мен саған Алладан қорған іздеген адамның айтатын ең жақсы сөзін хабарлайын ба?». Ол: «Иә, Алла Елшісі!» деді.Ол: «Айт: «Таңның Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін...» («Фалақ» сүресі, 1-аят) және «Айт: «Адамдардың Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін» («Нас» сүресі, 1-аят) – осы екі сүре Алладан пана тілеушілерге» деді». (Нәсаи).

Басқа хадисте: «Кім түнде (жатарда) «Бақара» сүресінің ең соңғы екі аятын оқитын болса, ол оған жеткілікті болады» делінген (Бұхари, Муслим). Имам ән-Науаи осыған байланысты: «Бұл оған түнімен намаз оқығанның сауабын алмастыруға жеткілікті немесе түнімен шайтанның кесірінен  сақтануға және барлық жамандықтан сақтауға жеткілікті» деген.

ummet.kz

Бөлісу: