20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Сахабалардың жұмыс істеп жүріп те білім алуы

Сахабалардың жұмыс істеп жүріп те білім алуы

Ислам тарихы

Сәбит әл-Бүнани әңгімелейді:

«Бірде бір топ адам Алланың елшісіне келіп: «Бізге Құранды және сенің сүннетіңді үйрететін бірнеше адам жіберсең жақсы болар еді», – деп ұсыныс жасады. Сонда Алланың елшісі ансарлықтардан «қурра» (құранды жатқа білушілер), – деген жетпіс адамдық бір топты аттандырды.

Солардың ішінде менің нағашы ағам Харам да бар еді. Осы қурра деген топтағылар түндерін Құран оқумен және білім алумен өткізетін, ал күндіз мешіттің алдында су мен отын таситын және содан түскен тиын-тебенмен күндерін көретін әрі артылып қалған қаражатын суффадағы кедейлерге таратып беретін. Бірде Алланың елшісі бәрін сапарға аттандырған болатын. Жолда оларды мүшріктер жаудың қолы жан-жағынан қамап ұстап, бәрін шейіт етті. Араларынан кейбіреулер шейіт болар алдында былай дұға етті: «Уа, Алламыз! Пайғамбарымызға саған қауышқанымызды, біздің Саған разы екендігімізді және Сенің де бізге разы екендігің туралы хабарды жеткізе гөр». Шайқас кезінде бір мүшрік ағам Харамның ту сыртынан найзасын бүйіріне шаншыпты. Ағам жан тапсырар алдында: «Қағбаның Раббына ант етем, құтылдым!»  – депті.

Осы қайғылы оқиғадан кейін Алланың елшісі сахабаларға былай деді: «Бауырларың шейіт болды. Жан тапсырар сәтінде олар: «Уа, Алламыз! Пайғамбарымызға саған қауышқанымызды, біздің Саған разы екендігіңді, Сенің де бізге разы екендігіңді жеткізе гөр», – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: