13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Зікірдің мазмұны мен шеңбері

Зікірдің мазмұны мен шеңбері

Ислам тарихы

Әбу Дәрда (р.а.) әңгімелейді: «Бірде Алла елшісі:

– Қиямет күні Алла тағала кейбір жамағатты маржаннан жасалған мінберлердің үстінде өте нұрлы бір бейнеде қайта тірілтеді. Барлығы оларға қызғанышпен қарайтын болады. Алайда олар пайғамбар да, шейіттер де емес еді, – деді. Осы хадисті тыңдап отырған бір бәдәуи орнынан атып тұрып былай деді: – Ей, Расулалла! Олардың кім екенін және ерекшеліктерін айтасыз ба? Кімдер екенін білсек дейміз.

– Олар әр түрлі тайпадан, әр түрлі елден бола тұра, Алла үшін бір жерге жиналып, оны зікір етушілер, – деді Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)».

Зікірдің белгілері мен ақиқаты

Ибн Аббас (р.а.) әңгімелейді: «Бір кісі:

– Ей, Расулалла! Алланың достары кімдер? –

деп сұрап еді, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жайымен

ғана:

– Оларға қараған адамның есіне Алла түседі. Яғни өздеріне жұрттың назары түскенде, оларға Алланы еске түсіретіндер, – деп жауап берді».

Зікірдің жасырын болғаны абзал

Айша (р. анһа) анамыз былай дейді: «Алла елшісі мисуак қолданғаннан кейін оқыған намазын мисуаксыз оқыған намазынан жетпіс есе артық көретін. Әрқашан жасырын жасалған зікірдің ашық түрде жасалған зікірден жетпіс есе абзал екенін еске салып отыратын.

Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді:

– Қиямет күні Алла тағала мақлұқтарынан есеп алу үшін бәрін бір жерге жинаған кезде, періштелері олардың жақсы-жаман амалдарын жазып жүрген дәптерлерін алып келеді. Алла тағала періштелеріне:

– Жақсылап қараңдар, жазылмай қалған амалдары жоқ па? – деп сұрайды. Періштелер: – Уа, Раббымыз, біз білетін және жазып жүрген амалдардың барлығы осында, – дейді. Алла тағала әлгі құлға:

– Өзіңнің де біле бермейтін жақсы амалдарың бар. Оның сауабын қазір саған беремін. Бұл сенің жасырын жасаған зікірлерің, – дейді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: