03
Жұма,
Сәуір

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Жәннатты суреттеуі

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Жәннатты суреттеуі

Ислам тарихы

Әбу Һұрайра былай әңгімелейді:

«Алланың елшісіне былай дедік: «Уа, Расулалла! Сені көріп естудің өзі бір ғанибет, айсыз айтақыр көңілімізге сәуле құйылып, айрықша сезімге бөленіп, жүректеріміз жұмсарады. Ал сен жоқ кезде қасымызда дүниенің қызығы иіріміне тартып, үйіріп әкетеді. Әйел, балашағамызбен болып кетеміз». Бұған Алланың елшісі былай деді: «Егер сендер менің қасымдағы күйлеріңді басқа жерде де сақтай алсаңдар, періштелер сендермен қол алысып, үйлеріңе барып зиярат етер еді. Егер күнә жасамасаңдар, Алла өзінің кешірімін көрсету үшін басқа бір қауымды жаратар еді».

«Уа, Алланың елшісі! Бізге жаннат және ондағы сарайлар туралы айтыңызшы», – деді сахабалар. Сонда Алланың елшісі: «Жаннаттағы үйлер саф алтын мен күміс кірпіштен соғылған, ал балшығы қош иісті әтір секілді. Құмы мен тасы тек інжу мен лағылдан, ал топырағы запыран гүлінен тұрады. Жаннат тұрғындары қайғысыз-мұңсыз өмір сүрді. Мәңгі өмір. Өлімнің өзі тұрмақ, көлеңкесі де жоқ. Тіпті иіні де тозбайды. Мәңгі-бақи жас күйінде қалады. Мына үш адамның дұғалары кері қайтарылмайды: мемлекетті әділ басқарушының, ораза ұстаған адамның және жәбіржапа көрген адамның. Тіпті зұлымдық көрген адамның дұғасы бұлттардан ары асып, көктің есіктері ашылады және Алла зұлымдық көрген адамға: «Ұлылығым мен құдіретім үшін саған көмектесемін», – дейді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: