13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Сахабалардың бір аяттың салмағынан қабырғаларының қайысуы

Сахабалардың бір аяттың салмағынан қабырғаларының қайысуы

Ислам тарихы

Абдуллаһ (р.а.) былай әңгімелейді:

«Иман еткендер және имандарына зұлымдық араластырмағандар толық қауіпсіз болады. Олар тура жолда», – деген аяттың түсуі сахабаларға ауыр тиді. Олар Расулаллаға: «Қайсысымыз өзіне зұлымдық жасамады дейсіз?» – деді. Ол: «Бұл сендердің ойлағандарыңдай емес! Бұл жерде айтылған зұлымдық Лұқпанның ұлына айтқан өсиетіндегі зұлымдық: «Балам, Аллаға ештеңені серік етіп қоспа. Шүбәсіз, серік қосу үлкен зұлымдық болып табылады» (Лұқпан, 31/13)», – деп жауап берді».

«Ақындарға қатысты аят түскенде...»

Әбул-Хасан былай әңгімелейді: «Ақындарды тек азғындар тыңдайды» (Шуара, 26/224) деген аят түскеннен кейін, Хасан ибн Сәбит, Абдуллаһ ибн

Рауаха және Кағыб ибн Мәлік Расулаллаға көз жастарын бұлап келді: «Алла біледі, бұл аят түскенде, біз ақын болатынбыз», – деді. Бұған Расулалла:

«Сүреде «Бірақ иман етіп, ізгі амал жасағандар бұдан тыс» делінген ғой, сендер осы топқа кіресіңдер. Әрі «Алланы өте көп еске түсіргендер» делінген, сендер бұл топқа да кіресіңдер», – деді. Сосын Алланың елшісі: «Әділетсіздікке ұшырағанда, ақыларын ала алғандар бұдан тыс», – деген үзіндіні оқып: «Бұлар да сендерсіңдер», – деді (Бұхари, Сахих, 2/25).

«Жер сол жан түршігерлік сілкініспен сілкінгенде..» аятын оқығанда хазірет Әбу Бәкірдің халі

Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас былай әңгімелейді:«Жер сол жан түршігерлік сілкініспен сілкінгенде...» (Зілзала, 99/1) деп басталатын сүре түскенде хазірет Әбу Бәкір (р.а.) Аллаһ елшісінің қасында болатын. Хазірет Әбу Бәкір бұл аятты естіген бойда жанары жасаурап, сіресіп отырып қалады. Сонда Алланың елшісі: «Әбу Бәкір, неге жылайсың?» – деп сұрады. Әбу Бәкір: «Мына сүре менің көңілімді астаң-кестең етіп кетті», – деді. Алланың елшісі: «Егер сендер күнә жасап (сол күнәларыңа тәубе ету арқылы) Алланың кешіріміне себеп болмасаңдар, Алла сендердің орындарыңа қателік жіберіп, күнә жасайтын басқа бір үмбет жаратып, соларды кешірер еді», – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: