27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Адамдар арасында күнәкарлығымен белгілі болғандар

Адамдар арасында күнәкарлығымен белгілі болғандар

Ислам тарихы

Бұлар өзінің не істеп жүргенін де, өзі туралы басқалар не айтып жүргенін де ойламайтын адамдар.

Олар анық арсыз адамдар, олар жайлы жұртты сақтандыру ғайбатқа жатқызылған әрі тыйымға саналмайды. Ондай адамдардың кім екендігі туралы басқаларға ескерту қажет, кей кездерде мұндай адамнан келетін зарардың алдын-алу үшін ол туралы айту, тіпті міндетті болып табылады. Егер ондай адамдардың арсыздығы шектен шыға бастаса, ал ескертулер оны арсыздықтан қайтара алмаса, оны арсыздық істері үшін шариғат заңдары бойынша жазалау ниетімен өкімет орындарының қарауына тапсыру керек. Өйткені бұзақы адамдардың ісін жасыру оның және оған ұқсағандардың қатерлі де сорақы істер жасауына және бүкіл қоғамға зұлымдық жеткізіп, жер бетінде арсыздықтың жайылуына мүмкіндік береді. Демек, мұндай адамдарды қорғауға, жасыруға болмайды. Оларды іздеп тауып, Ислам қоғамындағы бүлікті түбірімен жою үшін ізіне түсіп, аңду керек. Бұған дәлел – Пайғамбардың (с.а.с.): «Ей, Унайс! Ол әйелге бар, егер мойындаса, оны тасборан қыл», – деген сөзі.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: