09
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қонақжайлылық міндет пе әлде ерікті жақсылық істеу ме?

Қонақжайлылық міндет пе әлде ерікті жақсылық істеу ме?

Ислам тарихы

Меймандостық – Исламда сақталатын әдептілік ережелері мен құрметке лайықты адамгершілік қасиеттерінің бірі, сондай-ақ бұл – пайғамбарлар мен игі жақсылардың (тақуалардың) қасиеті.

Бұл үй иесінің жомарттығы мен жақсылығының көрінісі ме әлде мейманның заңды құқығы ма? Бұл мәселеде ғұламалардың пікірлері түрліше: Имам Ахмад және әл-Ләйс: «Бұл – бір күн және бір түн бойы орындайтын үй иесінің міндеті», – деп есептейді. Олар өз сөздеріне Пайғамбардың (с.а.с.): «Әрбір мұсылман (бір) түн меймандостық көрсетуге міндетті», – деген хадисін дәлел етеді.

Уқба ибн Амир (Алла оған разы болсын): «(Бір күні) біз (Алла елшісіне (с.а.с.)): «Уа, Алланың елшісі! Сен бізді жұмсайсың, ал біз меймандостық меймандостық жасамайтын адамдардың үйлеріне тоқтаймыз. Бұл туралы сіз не айтасыз?» – дедік. Алла елшісі (с.а.с.): «Егер бір үйге тоқтасаңдар және олар сендерге мейманға тиістіні бұйырса, оны қабылдаңдар, егер бұлай етпесе, олардан мейманға тиістіні өздерің алыңдар», – деді», – деген. Сондай-ақ олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «мейманына құрмет көрсетсін» деген хадисіне сүйенген, өйткені бұл – бұйрық, ал бұйрық орындалуға міндетті. Кеңірек тараған пікір адамгершілік қасиеттерінің бірі ретінде меймандостық жасау, бұл міндет (парыз) емес, бұл жақсы (нәрсе) дегенге саяды, өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «құрметтесін», – деген. Бұл хадистің басқа риуаятында: «жақсылық жасасын», – делінген.

Сонымен бұл екі жағдайдың екеуінде де қонақжайлылықтың міндетті (парыз) екендігі туралы айтылмайды, өйткені құрмет көрсету және жақсылық жасау тақуалық пен адамгершілік қасиетке байланысты қонақ күтушінің еркімен жасалады.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: