17
Жұма,
Мамыр

һижри

Қиямет күнінің уайым-қайғысы мен олардан құтылу

Қиямет күнінің уайым-қайғысы мен олардан құтылу

Ислам тарихы

Қиямет күні адамдардың көп қасіретті бастан өткеруіне тура келеді. Ол күннің жан түршігерлік қорқынышы үрейлі де ауыр. Бұл Күні мұсылман өзін сәл де болса құтқаратын не аман қалуына мүмкіндік беретін және алдында тұрған жаннатқа жету жолын сәулелендіретін ізгі амалдарға қаншалықты мұқтаж болады десеңізші?!

Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні Алла әуелгілер мен ақырғыларды жаршы бәрін көре алатындай және бәріне айта алатындай (етіп) бір қырат үстіне жинайды. Күн (оларға) жақын келеді, олардың (бұған шыдауға) күш-қайраты да, төзімі де жетпей, сондай қайғы мен қасірет баурап алады, (сонда) олар (біріне-бірі): «Сендер қандай жағдайда екендеріңді көрмей тұрсыңдар ма?
Қандай жағдайға жеткендеріңді көрмей тұрсыңдар ма? Алланың алдында сендерге шапағатшы болатын адамды іздемейсіңдер ме?» деп
айта бастайды», – деген.
Айша (Алла оған разы болсын): «Мен Алла елшісінің (с.а.с.): «Қиямет күні адамдар жалаң аяқ, жалаңаш және сүндетке отырғызылмаған
күйінде келтіріледі», – дегенін естідім. Мен: «Уа, Алланың елшісі! (Қалайша) еркектер мен әйелдер бірге (болады) және бір-біріне қарай ма?»
– дедім. Ол (с.а.с.): «Ей, Айша! (Жағдай) олар бір-біріне қарауға шамасы келмейтіндей ауыр халде болады», – деді», – деген. Бұл хадистің әл-Бұхари келтірген риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «...олардың халі сондай ауыр болады, ондайды ойлауға мұршалары да келмейді», – деген.
Ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Алла Тағаланың: «Ол күні адамдар әлемдер Раббысының алдында тұрады», – деген сөзі туралы Пайғамбар (с.а.с.): «Олардың кейбіреулері өз теріне құлақтарының ортасына дейін батады», – деп айтқан», – дейді.
Осындай қорқыныштардың арасында тұрған мұсылман егер бұл дүниеде мұсылман-мүміндерді қайғы-қасіреттен құтқаруға ұмтылған болса, Алла Тағала оны сол амалдары үшін марапаттайды, өйткені Алла Тағала ол адамның бұл дүниеде басқалар үшін істеген жақсылықтарынан әлденеше есе артық жақсылық істейді. Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Кім мүмінді бұл дүниенің уайым-қайғыларының бірінен құтқарса, Аллаһ оны Қиямет күнгі уайым-қайғылардың бірінен құтқарады», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: