02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Мұсылмандардың бір-бірінен теріс айналуының харамдығы

Мұсылмандардың бір-бірінен теріс айналуының харамдығы

Ислам тарихы

«Тәдәбур» сөзі «ара-қатынасты үзу, тоқтату» деген мағынаны білдіреді. Мұнда адамның өз жолдасынан теріс айналып кетуі басқаша айтқанда, қатынасты үзуі туралы айтылған.

Егер де бұлайша бет көріспей кету осы дүниенің байлығы мен тіршілігі үшін істелсе, оған рұқсат жоқ, ол тыйым салынғанға, харамға жатады. Әбу Айюб (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылмандар үшін өз бауырымен кездескенде бірі-бірінен теріс бұрылып, ара-қатынасын үзуінің үш күннен артуына рұқсат етілмейді. Ал бұлардың жақсысы – (екіншісіне) бұрын сәлем бергені», – деді», – деген. Әбу Харраш әс-Суләми (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім туысымен алты күн қатыспаса, оның қанын төккенмен тең», – деді», – деген. Біреумен арақатынасты үзу дін үшін істелсе, үш күннен артық уақытқа созуға болады. Бұл жайлы имам Ахмад пікір білдірген. Мәселен, бұған «Табук» жорығына қатыспай Мәдинада қалып қойған үш адамға сабақ болуы үшін және олардың екіжүзділікке ұрынуынан қауіптенген Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлық мұсылмандарға олармен сөйлеспеуге, арақатынасты үзуге бұйырғаны және ол уақыттың елу күнге созылғаны туралы оқиға дәлел бола алады.

Сонымен қатар, сүннетке анық қайшы келетін бидғаттарды жақтаушылармен, өзінің талап-тілегі мен шақуат құмарлығына берілуге шақырушылармен және қате қағиданы басшылыққа алғандармен де қатынасты үзуге болады. Ал әл-Хутаби «Әкенің баласымен, күйеуінің әйелімен және сол сияқты тәрбиелеу мақсатында үш күннен артық сөйлеспей қоюына болады, өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерін толық бір айға тастап қойған еді» дейді.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: