01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Бір сот жәннатта болса, екі (сот) тозақта болады

Бір сот жәннатта болса, екі (сот) тозақта болады

Ислам тарихы

Құдіретті де Ұлы Алланың шариғаты бойынша халал мен харамды айыра білу, Ислам заңдары бойынша түп-деректермен жұмыс істей білу қабілеті және оған келіп түсетін істерге қолданылатын шариғат заңдарын таңдап тауып ала білу.

Сот қызметкері шешім іздеуде барлық күш-жігерін жұмсап, дұрысына ұмтылуға және дұрыс деп санаған ісі негізінде осы шешімдерді қабылдауға міндетті. Егер оқиға жайлы анық мағлұматсыз және тиісті күшжігерін жұмсамастан немесе аса Құдіретті де Ұлы Алланың шариғатына сүйенбей үкім шығарған қазы, шығарған шешімі тіпті шындыққа сәйкес келсе де, күнә істеген болады. Себебі бұл кездейсоқ сәйкестік және ол бір рет бір істе сәйкестікпен дұрыс үкім шығарса, басқа барлық жағдайларда қателікке жол береді. Сондай-ақ шындықты білгені мен түкке тұрмайтын мына дүниенің қандай да бір игілігі үшін немесе кек алу яки әділетсіздік істеу мақсатымен өзінің жеке басы қалауының ықпалымен шешім шығаратын соттардың келешегі қараңғы түнек болмақ. Пайғамбар (с.а.с.): «Соттар үш түрлі: біреуі – жаннатта болса, екеуі – тозақта. Жаннатта болатыны ақиқатты біледі және (ақиқат). Демек Алла Тағала мен Оның елшісінің (с.а.с.) шешіміне сай келетіндей қазылық етеді. Ақиқатты білетін, бірақ әділетсіз шешім шығаратын адам тозақта болады және өзі жәһіл (надан) бола тұрып, адамдарды соттайтын адам да тозақта болады», – деген (Әл-Бұхари).

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: