29
Жұма,
Наурыз

һижри

Уәжіп пен сүннеттің айырмашылығы

Уәжіп пен сүннеттің айырмашылығы

Ислам тарихы

Уәжіп – орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен уазипалар. Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т.б. Уәжіптің үкімі парызға ұқсас.

Яғни, орындалса, сауап алады. Іске асырмаса, ақыретте азап бар. Бірақ сенім (и’тиқади) тұрғыдан алғанда уәжіп, парыз емес. Уәжіпті теріске шығарған адам діннен шықпайды. Бірақ діндегі бір әмірді теріске шығарғаны үшін үлкен күнәға батады.

Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Алла Елшісі (с.а.у.) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер. Сүннет үшке бөлінеді:

1. Мүәккәд сүннет (бекітілген сүннет)

2. Ғайру мүәккәд сүннет (бекітілмеген сүннет)

3. Зәуәид сүннет (артық сүннет)

Әуелгісі – мүәккәд сүннет, Пайғамбарымыздың әрдайым жасап, ілуде жасамаған сүннеттері. Таң, бесін, ақшам намаздарының сүннеттері тәрізді. Осы сүннеттерді іске асырған сауап алады. Орындамаған адамға жаза берілмесе де, айыпталады.

Екіншісі, ғайру мүәккәд сүннет. Пайғамбарымыздың кейде жасап, кейде жасамаған сүннеттері. Намаздыгердің алғашқы сүннеттеріндей. Бұл сүннетті «мәндүп» яки «мұстахап» деп атағандар да бар. Осыған кірген сүннеттерді іске асырған сауап. Орындамағанға күнә жоқ.

Ақырғысы – зәуәид сүннет, Алла Елшісінің күнделікті іс-әрекеті мен әдептіліктері. Мысалы, әрбір істі оң жақтан бастауы, отыруы, тұруы, киім киюі. Бұл сүннетті Пайғамбарымызға сүйіспеншілік үшін орындаса – сауап. Жасамағанға күнә жоқ. Сүннеттің парыз секілді «айн» мен «кифая» бөлімдері де бар. Мысалы, рамазан айының соңғы он күнінде «иғтиқаф» жасау, тарауих намазында хатым түсіру – кифая сүннетке жатады. Парыз намаздарын жамағатпен оқу – айн сүннет болып табылады.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: