04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Құрандағы кешірім туралы өтініш-тілектер

Құрандағы кешірім туралы өтініш-тілектер

Ислам тарихы

Құранда кешірім сұрау туралы көптеген аяттар бар.

Кей кездері Алла Тағала Өзіне мынадай өтініштермен дұға жасауды бұйырады.

Алла Тағала: «Алладан кешірім тілеңдер. Шын мәнінде, Алла өте Кешірімшіл, аса Рақымды»; «Раббыларыңнан кешірім тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер», – деді. Кей кездері Ол Өзінен кешірім тілеп, дұға жасағандарды мақтайды. Мәселен, Алла Тағала: «...және таң сәріден кешірім тілеушілер»; «Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының кешірілуін тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім кешіреді. Сондай-ақ олар істеген істерін біле тұра қасарыспайды. Міне, солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан кешірім», – деген. Кей кездерде күнәларды кешіру жөніндегі жалбарынудың кешіріммен ұласатыны туралы айтылады және кім Алла Тағаладан кешірім сұраса, Оның кешіретіні ескертіледі. Алла Тағала: «Ал кім жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық жасап, сонан соң Алладан кешірім тілесе, Алланы өте Кешірімшіл, аса Рақымды табар еді», – деген. Бұл айтылғанның бәрі кешірім сұраудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді және өз еркімен немесе еркінен тыс қандай да бір күнә жасап, Алла Тағаланың бұйрықтарына қайшы келетін іс істеп қойған пенденің құтылуына негіз болады.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: