Құран кәрімнің бірнеше аятында жұмаққа кіргендерге әртүрлі ризықтар, нығметтермен қатар иман келтірген әйелдерге пәк жұбайлар, жолдастар берілетіні айтылады.
«(Мұхаммед) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуант! Орасында олар үшін астынан өзендер ағатын жәннаттар бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда пәк жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі тұрақтайды» («Бақара» сүресі, 25-аят).
Жұмақтарда таза, пәк жұбайлар, яғни ерлер үшін әйелдер, әйелдер үшін күйеулер бар.
«Оларға қорабында сақталған інжудей (ғылмандар) жастар айналып жүріп қызмет етеді» («Тур» сүресі, 24-аят).
Иман келтірген әйелдер жұмақтарда тамаша өмір сүреді, жесір және тұрмыс құрмаған әйелдер үшін де жолдастар болады.
материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,
ummet.kz