03
Жұма,
Мамыр

һижри

Иман жемісінің бірі – мінсіз қоғам

Иман жемісінің бірі – мінсіз қоғам

Ислам тарихы

Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) әр мұсылманды оның иманының ақиқат және дінінің дұрыс екенінің дәлелі ретінде адамдарға жақсылық жасауға шақырады.

Нәтижесінде мінсіз қоғам пайда болады, өйткені егер әрбір адам өзінде бар игілікті өзгеге де қалайтын болса, ол адамдарға жақсылық жасайтын болады және оларды ренжітпейді. Бұған жауап ретінде адамдар да оған сүйіспеншілік білдіріп, жақсылық жасап, оны өкпелетпеуге тырысады. Сөйтіп адамдар арасында сүйіспеншілік қолдау тауып, игілік тарайды да, зұлымдық пен қысым көрсету жойылады. Сондай-ақ әрбір адам ортақ мүдде туралы ойлап, басқалардың қуанышына қуанып, басқаның қайғысына ортақтасатын болса, онда мұндай өмір тәртіпке келеді.
Бұл туралы Пайғамбар (с.а.с.): «Сен мұсылмандардың мейірімділік пен махаббат және бір-біріне жанашырлық көрсетуінде (бір) денедей екенін көресің: оның қандай да бір бөлігі ауырса, дененің басқа да барлық бөліктері ұйқысыздық пен ысытпадан азаптанып қасірет шегеді», – деген. Ондай жағдайда Алла Тағала мұсылмандар қоғамын бұл өмірде даңқ пен құрметке бөлеп, үстемдікке жеткізеді, ал Ақыретте бұл қоғам мүшелерін ғажап сый-сыяпаттар күтеді.
Егер адамдардың жүрегінде иман әлсіреп, кемелдігін жоғалтса, олардың жан-дүниесі басқаларға игілік тілеуден қалады, оның орнына күншілдік пен алдау-арбауға ұмтылыс пайда болады. Мұндай жағдайда қоғамда өзімшілдік қалыптасады, адамдар адам бейнесіндегі жыртқыштарға айналып рухани азғындық етек алады, әділетсіздік үстемдік құрып, барлық жерде өшпенділік пен өзара жек көрушілік дендеп кіреді. Мұндай қоғамға аса Құдіретті де Ұлы Алланың: «(Олар)1 тірі емес өлімтіктер және қашан қайта тірілетіндерін де білмейді», – деген сөздерін қолдануға болады.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: