Құранда киімнің, әшекейлердің болатындығы туралы айтылады:
«...ол жерде алтын білезіктер тағынып, жұқа алтынмен безендірілген жасыл жібек маталардан киімдер киіп, диванға отырады» («Кәхф» сүресі, 81-аят), «...ол жерде білезіктер және інжулер тағынады. Киімдері жібектен болады» («Хаж» сүресі, 33-аят).
«(Жұмақтықтардың) үстінде жасыл жібектен жұқа әрі қалың киімдер бар. Күміс білезіктер тағынған...» («Инсан» сүресі, 21-аят).
Хазірет Омар елшілер келгенде пайғамбарымыздың киімге жіті мән беретінін жақсы білетін. Оы себепті бір жолы сатылып тұрған, өзіне ұнаған әдемі жібек киімді елшілер келген кезде киесіз, сатып алсаңызшы деп қалады. Алайда, хазірет пайғамбар бұл дүниеде жібек киім киген адамның ақыретте нәсібі болмайтынын айтып, бұған нақты түрде тыйым салған. «Егер сендер жұмақ әшекейлерін және жұмақтың жібегін жақсы көрсеңдер, оларды бұл дүниеде тағып, кимеңдер».
«Адн жұмақтарына кіргендер ол жерде алтын білезіктер мен інжулер тағады. Ол жердегі киімдері жібектен...» («Фатыр» сүресі, 33-аят). Адам бір жаңа киім алып келгенде Аллаға мадақ айтса әрі садақа берсе, оған жұмақта да осы киім кигізіледі. Жібек киімдерді бұл дүниеде кигендер ақыретте кимейді. Әлдекім қарапайымдылықты ұстанып қымбат киім киюден бас тартса, қияметте қалаған имани киім киеді. Жұмақта бет сүртетін орамалдар болады.
материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz