02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Жәннаттағы ең үлкен нығмет – Алланы көру

Жәннаттағы ең үлкен нығмет – Алланы көру

Ислам тарихы

Жәннат – нығмет мекені. Оны бәріміз білеміз.

Жәннатқа кірудің өзі бір нығмет болса, ондағы нығмет жайында не десе болады?! Дегенмен, жәннатта өзге барша нығметтен абзал болған нығмет бар. Ол не екен?!

Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еткен хадисте Жәбир (р.а) айтады: «Бiз Нәбимен (с.ғ.с) бiрге едiк. Ол толған айға қарап: «Сендер мына айды көргендей, Раббыларыңды өз көздерiңмен көресiңдер, әрi оны көргендерiңе қапа болмайсыңдар»,-дедi».

Сонымен қатар Имам Муслим Суһайбтан (р.а) риуаят еткен хадисте Расулулла (с.ғ.с) айтады: «Жәннат нәсiп болғандар жәннатқа кiргеннен кейiн, Алла Тағала: «Сендер Менiң тағы да бiрдеңенi беруiмдi қалайсыңдар ма?»,-деп сұрағанда олар: «Сен жүзiмiзді нұрландырмадың ба? Бiздi жәннатқа кiргiзiп, тозақ отынан құтқармадың ба?»,-дейдi. Сонда Алла Тағала перденi ашқанда, жәннаттағылар үшiн Раббыларын жүзбе-жүз көруден артық нәрсе болмайды».

Жәннаттағы нығметтің нығметі – Жаратушы Иенің дидарын көру, әрі онымен сұхбаттасу. Бұл мәселеде ешбір күмән жоқ!

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: