10
Жұма,
Мамыр

һижри

Жұмақ пен тозақ қазіргі кезде бар ма?

Жұмақ пен тозақ қазіргі кезде бар ма?

Ислам тарихы

Жұмақ қазіргі кезде бар. Әбу Ханифа және бірқатар әхли сүннет ғалымының осындай көзқараста екендігі байқалады.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, қиямет орнағаннан кейін болуы керек. Бірқатар ислам ғалымы осы өлшеммен Құран бойынша жұмақ пен тозақтың (дүниелік уақыт ұғымы бойынша) қазіргі кезде жоқ екендігі, алдағы уақытта жаратылатындығы туралы пікір айтады. Құран мен хадистер болашақтан хабар беретіндіктен, жұмақты осы сәтте бар етіп көрсетеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) миғражға шыққанда, жұмақ пен тозақты бұл дүниеден, уақыт пен мекен өлшемінен тыс көрген. Осы хадистерге, алғашқы адам Адам мен Хауа анамыздың жұмақта болғаны туралы аяттарға және тағы да бірқатар аяттарға сүйене отырып жұмақ пен тозақтың қазіргі кезде бар екенін айтқан ғалымдар да бар.

Жұмақ пен тозақ уақыт өлшемінен тыс, бұл дүниеден тыс болмағандықтан, қазіргі кезде бар не жоқ екендігі біздің түсінігімізде ғана. Қазіргі кезде оның бар не жоқ екендігінің біз үшін пәлендей маңызы жоқ. Тозақ төменде орын алса, жұмақ жоғарыда, көкте, жеті қат көктің үстінде жаратылады.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: