27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Махшар деген не? Ол қандай жер?

Махшар деген не? Ол қандай жер?

Ислам тарихы

Махшар – жинау, бір жерге топтасу, қайтадан жаратылғандардың жиналатын жері деген мағыналарды білдіреді.

Құран Кәрімде бірқатар аятта берілген «махшар» қайта тірілуден кейін барлық жаратылыстың жиналатын жері болып табылады.

Махшардың қараңғы жер болатындығы, оған адамның істеген амалына қарай жарық берілетіні туралы айтылады. «Қараңғыда мешітке барғандарға қиямет күні (махшарда) толық нұрға, жарыққа қол жеткізетінін қуана хабарла!», «Кімнің мұсылман кезінде бір тал шашы ағарса, бұл қиямет күні ол үшін бір нұр болады...»

Қиямет күні адамдар ұндай аппақ бір жерге жиналады. Ол жерде ешкімнің үйі, бауы, т.б болмайды. Махшар орны – жазық орын. Тау-тас, ой-шұқыр, бақша, ағаш, т.б болмайды. Махшарда адамдар күтіп тұрғанда Күн жақындатылып, адамдарды осы дүниедегі жағдайларына қарай, амалдарына әртүрлі деңгейде күйдіреді және терлетеді, онда көлеңкелер болады.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: