28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Жетімге қамқор болудың жемістері

Жетімге қамқор болудың жемістері

Ислам тарихы

Жетімге қамқор болудың пайдалары мен жемістері:

1.Жетімге қамқорлық қылу – адам өміріне береке алып келеді. Бұған Пайғамбарымызды (с.ғ.с) бала күнінде емізген сүт анасы Халима анамыздың үйіне қандай береке кіргендігін мысал етсек болады.

2.Жетімге қамқор болған үй – үйлердің ішіндегі еғ хайырлысы. Құранның «Фажр» сүресінде былай делінген: «Ал енді адамзат, қашан Раббы оны сынай сыйлап, игілікке бөлесе: «Раббым мені сыйлады» дейді. Қашан оны сынап, несібесін тарайтса: «Раббым мені қорлады» дейді. Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер».

Әнас ибн Малик атты сахаба былай дейді: «Үйлердің хайырлысы – ішінде жетім тұрып әрі оған қамқорлық жасалатын үй. Үйлердің жаманы болса – ішінде жетім өмір сүріп, алайда оған зұлымдық жасалатын үй».

3.Адамның жүрегін жұмсартады. Бірде Пайғамбарымызға бір кісі келіп, өз жүрегінің қаттылығын білдірді. Оған Алла елшісі (с.ғ.с): «Жүрегіңнің жұмсауын, сөйтіп арманыңа жетуін қалаймысың? Онда жетімге мейірімділік көрсет, басынан сипа және тамағыңнан бөліп бер. Сонда жүрегің жұмсарады.Сөйтіп арманыңа жетесің» – деген.

4.Жетімге қамқорлық қылушы қияметте Пайғамбармен (с.ғ.с) бірге болу шарапатына ие болады. Сахл бин Саъд (р.а.) атты сахаба Алла елшісінің  (с.ғ.с) былай деп айтқанын жеткізеді: «Мен Жәннатта жетімді асырағанмен мынадай бірге боламын», - деп, сұқ саусағы мен одан кейінгі саусағының арасын ашып көрсетті» - дейді (имам Бұхари).

5.Жетімнің басын сипаушы мол сауаптарға ие болады. Алла елшісі (с.ғ.с): «Кім Алла разылығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиген әр шашы сайын жақсылық болады», - деп айтқан.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: