02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Адам ата мен Хауа анамыздың ұялуы

Адам ата мен Хауа анамыздың ұялуы

Ислам тарихы

Алла Тағала адам баласының күнә мен шаһуат істерден сақтанулары үшін оның бойында «ұят» атты сипатты жаратқан.

Адам мен Хауа анамыз тыйым етілген ағашқа жақындағандарында ұятты жерлері ашылып қалады. Осы сәтте екеуі бірден жәннат ағаштарының жапырақтарымен әуреттерін жабуға асығады.

Құранда: Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетті. Екеуі жәннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,- деп ескертеді («Ағраф» сүресі, 22-аят). Бұл оқиға ұялшақтық адам баласының жаратылысынан бойында бар сипат екендігіне дәлел. Ал ұятсыздық болса адамның табиғатына қайшы істерден.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: