Қабір және қабірдегі қорқыныштар

Қабір және қабірдегі қорқыныштар

Ислам тарихы

Ақыретте пайғамбарларды да қосқанда бәрінен сұрақ сұралғанындай, қабірдің қысуы да әркімге болады.

Кәпірлер мен күнәһарларды өте қатты қысады. Пайғамбарларды, сахабалар мен салихтарды бейне бір сипағандай жеңіл қысады. Хадис шәрифтерде былай делінген «Қабірдің қысуынан құтылған адам бар болғанда, Саад бин Муаз құтылатын еді». (И.Ахмед)

«Зәкәрия ұлы Яхияны жеген бір арпа себебінен қабір қысқан». (И.Рафии)

«Қабірдің қысуы – мүминнің кешірілмеген күнәләрының кафараты (өтемі)». (И.Рафии)

«Ант етіп айтамын, 99 үлкен жылан қияметке дейін кәпірге қабірінде азап береді». (Әбу Яла)

«Намазды үзірсіз оқымаған адамға Алла Тағала 15 қиындық береді. Олардың алтауы дүниеде, үшеуі өлім кезінде, үшеуі қабірде, үшеуі қабірден тұрған кезде болады. Қабірде шегетін азаптары мыналар:

1) Қабір оны қысады. Сүйектері бір-біріне өтіп кетеді.

2) Қабірі отқа толтырылады. Күндіз-түні оны жағады.

3) Алла Тағала қабіріне өте үлкен жылан жібереді. Дүниенің жыландарына ұқсамайды. Күнде, әр намаз уақытында оны шағып тұрады. Бір сәтке де қалдырмайды». (Қурратул уйун)

Имам Раббанихазрет былай деген:

«Жақсы адам, бағы бар кісі – кемшіліктері, күнәлары мейіріммен және ихсанмен кешірілген әрі бетіне тасталмаған адам. Егер күнәлары бетіне тасталса және сол үшін де мейірім көрсетіліп, тек дүние қиыншылықтары беріліп, күнәлары осылай тазаланған болса, ол адам да өте бақытты. Мұнымен тазаланбай қалып кеткен күнәлары үшін қабір қысып, қабір азабын шегіп күнәлары біткен болса, қияметте махшар алаңына күнәсіз апарылған болса, ол адам да өте бақытты. Егер осылай жасалмастан ахиретте де жазаландырылатын болса, бұл әділеттік болады. Бірақ ол күні күнәсі көп, масқара күйде қарабет болған адам қандай қиын жағдайда болмақ. Бірақ олардың мұсылман болғандарына жанашырлық танытылып, олар соңында рақымдылыққа бөленеді, тозақ отында мәңгі қалудан құтылады. Бұл да үлкен ниғмет». (1/266)

«Өлі қабірге қойылғанда белгісіз өмірмен тіріледі, рахаттық немесе азап көреді. Мүнкәр және Нәкір есімді екі періштенің белгісіз қорқынышты адам кейіпінде қабірге келіп, сұрақ қоятынын хадис шәрифтер айқын хабар беруде. Дұрыс жауап бергендердің қабірі кеңейеді, онда жәннаттың бір терезесі ашылады. Таңертең және кешке жәннаттағы орнын көріп, періштелерден жақсылық көреді, сүйінші беріледі. Дұрыс жауап бере алмаса, темір тоқпақпен қатты ұратыны соншалық, жан айқайын адам мен жыннан басқа барлық жаратылыс естиді. Қабірі соншалықты кішірейіп, сүйектерін бір-біріне өткізіп жіберетіндей қысады. Тозақтың бір терезесі ашылады. Таңертең  және кешке тозақтағы орнын көріп, қабірде махшарға дейін ауыр азап шегеді». (Иман және Ислам)

материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: