04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Дүниеқор ғалымдардың жазасы

Дүниеқор ғалымдардың жазасы

Ислам тарихы

«Дүниеқор ғалымдар» деп – ілімдерін бұл дүние үшін және ел алдында атақ-даңққа жету үшін пайдаланған ғалымдар туралы сөз болуда.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қиямет күні ең ауыр азапталатын кісі – Алланың ілімінен пайда ала алмаған ғалым», - деген.

Сол мәселеге байланысты тағы көптеген хадистер бар: «Адам іліміне лайық іс жасамайынша ғалым бола алмайды».

«Ілім екі түрлі: бірі – ауыздағы ілім. Бұл – Алланың адамдарға қатысты ашық-айқын дәлелі. Екіншісі – жүректегі ілім, пайда берген ілім, міне, сол».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ақыр заманда діндар надандар мен күнәһар ғалымдар көбейеді», - деген.

«Ғалымдарды сөзге жығу, ақымақтармен таласып-тартысу және елдің көңілін өздеріңе бұру үшін үйренбеңдер. Олай жасағандардың орны тозақта».

«Кім білгенін басқаларға үйретпей жасырса, Алла оның аузына оттан ауыздық салады».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен үшін сендерге дажжалдан да қорқынышты нәрсе білем», - дегенде, сахабалар: «Ол не?» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Елді адастырған дін басшылары», - деп жауап берді.

Тағы бір хадисте: «Кімнің білімі жоғарылаған сайын дүние азғыруынан алыстамаса, күннен-күнге Алладан алыстайды», - деп айтылады.

Әзірет Иса (а.с): «Қашанға шейін өздерің адасып жол таппағандармен жүріп, қайта адасқандарға жол көрсетесіңдер!», - деген.

Осыған шеін айтылған дәлелдер ілімнің маңызы зор екенін, ғалымның мәңгілік жоғалту не мәңгілік бақыттылық арасында екенін, ілімге сүңгіп кірген ғалым бақыттылыққа жете алмаса оның тозақтан құтылуы қиын екенін көрсетеді.

Әзірет Омар (р.а) айтады: «Бұл үмбет үшін ең көп қорқынышты нәрсе – екі жүзді «ғалым». Оның сөзін естіп отырғандар: «Екі жүзді ғалым қандай болады?», - деп сұрайды. Омар оларға: «Сөзімен ғалым көрінген, бірақ жүрегі және жасаған істері наданша болған кісі», - деп жауап берген.

Ибраһим ибн Уйайнадан «Ең көп өкінетіндер кімдер?» - деп сұрағанда, ол: «Бұл дүниеде жақсылықты білмейтін надандарға жақсылық жасағандар, өлерде жолдан адасқан ғалымдар», - деп жауап береді.

Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ғалым өте қатты азапқа ұшырағандықтан, оның тартқан азабына тзақылар да таңғалады», - деп айтқан. Бұл хадисте дүниеқор, күнәһар ғалым туралы айтылып жатыр.

«Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммед F.C. ды) ұлдарын танығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра жасырады» («Бақара» сүресі, 146-аят).

«Олардың қасындағы Тәуратты, растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұра өздерінің Тәуратта таныған (Мұхаммед Ғ.С.) келген заманда, қарсы шықты. Қарсы болушыларға Алланың лағынеті болсын.(Мединелік, Яһудилер, ақыр заман Пайғамбары келуден бұрын кәпірлерге: «Біздің дінімізді қостаушы Пайғамбардың келуі жақын» дейтін еді. Бірақ ақыр заман Пайғамбары Израил ұрпақтарынан болмағандықтан қарсы шықты» («Бақара» сүресі, 89-аят).

Иса (а.с): «Жаман ғалым дарияны бөгеп қалған алып тасқа ұқсайды. Ол суды өзі де ішпейді, өсімдіктерге де жібермейді», - деп айтқан.

материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: