17
Жұма,
Мамыр

һижри

Қиял сиқыры қалай жасалады?

Қиял сиқыры қалай жасалады?

Ислам тарихы

Қиял сиқырының белгілері:

Бұл сиқырға ұшыраған адамның көзіне бір орнында тұрған нәрсе қозғалып тұрғандай, қозғалыстағы зат бір орнында тұрғандай, қозғалыстағы зат бір орнында тұрғандай болып елестетіледі.

Кішкене затты үлкен етіп, үлкен затты кішкене етіп көреді.

Заттарды шынайы түрінде емес көреді. Кейбір жіп, арқандарды, аса таяқтарды ирелеңдеген жылан түрінде көреді.

Сиқыршы адамдардың көзіне үйреншікті бір затты алып, оған шайтандарға сыйынып, күпір сөзге толы дуаларын оқиды. Содан соң оны адамдар басқа зат түрінде көреді. Мысалы, осындай сиқырды кәдімгі жұмыртқаны алып, дуаларын оқығанда ілгң жұмыртқа өздігінен қатты жылдамдықпен шыр айнала жөнелген.

Ал басқа бір куәгердің айтуынша бір сиқыршы екі тасты әкеліп, оған дуаларын оқыған соң олар екі қошқар секілді бір-бірімен сүзісе бастаған.

Мұндай әдіс-айлалары арқылы сиқыршы аңқау жұрттың қалтасын қағып, өзіне бас ұрдырады. Кейде сиқырдың басқа түрлерін де көрсетеді. Осылайша ажырату сиқырында адам әйелін ең бір сұмпайы етіп, ал сүйіспеншілік сиқырында керісінше керемет әдемі кейіпте көрсе, бұл түрі алдыңғы екеуінен өзгешерек. Мұны айлакерлік, шарлатандық, көзалдау деп те атайды. Сиқырдың бұл түрі қол ептілігімен тікелей байланысты.

материал «Өткір қылыш» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: