10
Жұма,
Мамыр

һижри

Алла Тағаланы жұмақтықтардың көруі хақ

Алла Тағаланы жұмақтықтардың көруі хақ

Ислам тарихы

Алла Тағаланы жұмақтықтардың көруі хақ, бірақ ешбір қамтусыз әрі кейіпсіз.

Раббымыздың Кітабында айтылғандай: «Сол күні (Қиямет күні) кей жүздер жарқылдайды, Раббысына қарайды» (Қиямет сүресі, 22, 23). Мұның тәпсір-ұғымы Алла Тағаланың қалауы мен біліміне сай болады. Осы тұрғыда Алла елшісінен (с.а.с.) жеткен барлық сахих хадистер де, оның айтқанындай, мағынасы оның қалауындай. Біз бұл мәселеге өз ойларымызбен топшылап, желіктерімізбен жорамалдап кіре алмаймыз. Қайсыбір жан қашан өзі күмәнді болған нәрсенің анық-қанығын құдіретті де ұлы Аллаға және Оның Елшісіне (с.а.с.) тапсырмайынша, білушісіне қайтармайынша дінін аман сақтап қала алмайды.

материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: