28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Бұл дүниеде егіліп, ақыретте өсіп-өнетін тұқымдар бар ма?

Бұл дүниеде егіліп, ақыретте өсіп-өнетін тұқымдар бар ма?

Ислам тарихы

Әрине, бар. Бұ дүниеде жасаған әр ісіміздің қайтарымы ақыретте беріледі.

Ізгі істер осы жерде егілген тұқымға ұқсайды. Иман келтірген адамдардың жасаған әрбір игі ісі ол жерде өркен жайып, бүршік жарады, Алланың рұқсатымен өзінің иесін құтқарады.

Пайғамбарымыз «Миғражда Ибраһиммен (а.с) кездестім. Маған «Уа, Мұхаммед! Үмбетіңе менен сәлем айт әрі хабар бер, жұмақтың топырағы таза, суы дәмді. Бұл жер (суды ұстайтындай дәрежеде) тегіс әрі бос. Ол жерге егілетін тұқым – Субханаллаһ, әлхамдулиллаһ, лә иләһә иллаллаһ және Аллаһу акбар сөздері» деді. (Тирмизи)

Хадисте Алланы ұлықтаудың, бір деп білудің, алғыс білдірудің қайтарымы, яғни шынайы иман иесінің сыйы туралы айтылады.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: