13
Жұма,
Ақпан

һижри

Фирдаус және Наим жұмақтары

Фирдаус және Наим жұмақтары

Ислам тарихы

Фирдаус «әртүрлі өсімдіктері бар бау-бақша» деген мағынаны білдіреді.

Жұмақтың су, сүт, шарап және бал өзендері бар. «Жұмақта жүз дәреже бар. Екі дәреженің арасы көк пен жердің арасындай кеңдікте. Фирдаус осылардың ең жоғарысы. Жұмақтың төрт өзені осы жерден бастау алады. Оның үстінде Арш бар. Алладан жұмақты сұрағанда, Фирдаусты сұраңдар» (Тирмизи, Жәннат 4).

«Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Пердәуіс жаннаты, қонақ үй болады. Олар онда мәңгі қалады да, өздері одан ауысуды қаламайды» («Кәхф» сүресі 107-108).

«...олар (ең жоғары жұмақ болған) Фирдаусқа мұрагер болады, сол жерде мәңгілік мекендейді» («Мүминун» сүресі, 11-аят).

Наим «нығметі мол жұмақ» деген сөз. «Оларды Раббылары өзінің мәрхаметімен және ризалығымен сондай-ақ тұрақты нығметке ие жаннаттарымен қуантады» («Тәубе» сүресі, 21-аят).

«Расында сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің имандары себепті Раббылары, оларды астарынан өзендер ағатын Наим жәннатының жолына салады» («Юнус» сүресі, 9-аят).

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: