15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Жұмақта музыка бола ма?

Жұмақта музыка бола ма?

Ислам тарихы

Адам жаны жаратылысынан жақсы дыбыс, әсем әуенді ұнатады, тумысынан осындай әуенге бейім болады.

Қуаныш, қайғы, қиындық және таңырқау сәттерінде жаны әуенге құмартып тұрады. Табиғаттағы көптеген құстардың сайраған даусы да музыкаға ұқсайды. Ислам құқығында әуенмен айтылған өлеңдер мен сөздер үшін «тағанни» деген ұғым қолданылып, қуанышты күндерде күнәға апарып соқтырмайтын өлеңдер мен жырларға, музыкалық аспаптардың қолданылуына рұқсат берілген. Хазірет пайғамбар да тойлар мен қуанышты күндері музыкалық аспап ұстап, өлең айтқандарға, ер кісілер мен әйелдер бөлек ойын ойнағандарға ашуланбаған,и мағыналы, мәнді өлеңдердің айтылғанын қалаған, жамандыққа себеп болатын өлең, жыр, музыка және ойындарға тыйым салған.

Жұмақтағы рухани ләззат пен рухтың қанағаттану жолдарының бірі музыка болып табылады. Иман келтіріп, пайдалы іс жасағандардың жұмақта шаттықта өмір сүретінін көрсететін «Иман келтіріп жақсы іс жасағандар, олар (гүлді, өзенді) бір юақша ішінде шаттыққа бөленеді» («Рум» сүресі, 15-аят) деген аяттың тәпсірінде жұмақтағы рухты қанағаттандырудың музыка арқылы болатынын айтатын тәпсіршілер бар. Хор қыздарының бірқатар әндер айтып, әуен шырқайтындығы туралы айтылған. Жұмақ әуенінің өзендердің ағуы, ағаш бұтақтарының бір-біріне тиіп сыбдыр қағуы, әсем әуез түрінде болатындығы туралы айтылады.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: