04
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Фатиха» сүресі кәріліктен басқа барша дертке шипа

«Фатиха» сүресі кәріліктен басқа барша дертке шипа

Ислам тарихы

Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың хадистерінде түрлі дерттерге қарсы оқылатын көптеген дұғалар бар.

Бірақ оларды көпшілік біле бермейді. Бәрі жатқа білетін, алайда қасиетін толық біле бірмейтін өте жақсы дұға бар: ол – «Фатиха» сүресі. Өзінің мазмұны мен ерекшелігіне қатысты «Фатиха» сүресінің «Уммул-китаб, Фатихатул-китаб, әл-Кәнз, ас-Сала» т.с.с. бірнеше атауы бар.

«Фатиха» сүресінің атауларының бірі – «әш-Шафия», яғни дерттерге шипа беруші. «Фатиханың» шипалық қасиетіне қатысты Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Фатиха» – барлық дертке шипа» – десе, басқа бір хадисінде: «Фатиха сүресі кәріліктен басқа барша дертке шипа», – деген.

Қандай да бір дертіне дауа тапқысы келген адам «Фатиха» сүресін оқығаннан кейін былай деп дұға жасаса болады:

Аллаһуммә һәзиһиш-шәәфийәту уә әнтәш-шәфи, ләә шәфийә илләә әнтә уә ләә шифәә̔ укә, ишфи шифәә̓ ән ләә иуғаадиру сәқамәә.

Мағынасы: Я, Алла! Осы шипаның себепкері – «Фатиха». Нағыз шипа беруші Сенсің. Сенен басқа шипа беруші ешкім жоқ, әрі Сенің шипаңнан басқа шипа да жоқ. Уа, Аллам, дерттен ешқандай із қалдырмайтындай етіп шипаңды бере көр!

2. «Фатиха», «Аят-Курси» және төрт «Қул (яғни «Кәфирун», «Ықылас», «Фалақ», «Нас»)» сүрелерін жеті мәрте оқып, ауру кісінің үстіне үрленетін болса, бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.

3. «Жаңбыр суын жинап, үстіне «Фатиха», «Аятул-Курси», «Ықылас» және «Қул ағузу» сүрелерін 70 реттен оқып, бұл судан арасын үзбей 7 күн таңертеңгісін ішкендердің сырқаттары, аурулары тоқтайды.

4. Әзірет Айша (р.а.) айтады: «Расулулла (с.а.с.) бір жері ауырса «Фәләқ» және «Нас» сүрелерін оқып мүбәрак қолына үрлеп, ауырған жерін сипайтын».

5. ибн Омар (р.анһума) айтады: «Расулалла (с.а.с.) былай деді: «Жәбірейіл (а.с) маған сондай керемет дәрі үйретті. Ол барлық аурулардың емі. Ол сондай-ақ: «Мен бұл емді Лаух Махфуздан көшіріп жазып алдым». (Ол дәріні былай сипаттап берді): «Үйдің төбесінен ағып кетпейтін жаңбыр суын таза бір ыдысқа жинап аласың. Оған 70 рет «Фатиха» сүресін, 70 рет «Аятул курсиді», 70 рет «Ықылас» сүресін, 70 рет «Фалақ» сүресін, 70 рет «Нас» сүресін, содан кейін «Лә иләһә иллаллаһу уәхдәку лә шәрикә ләһ. Ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һууә алә кулли шәй-ин қадир» дұғасы оқылады. Содан кейін жеті күн ораза тұтып, күнде осы сумен аузын ашады»2.

6. Таңертең және кешке «Бақара» сүресінің басынан төрт аят және «Аятул Курси» мен содан кейін келетін екі аятты және осы сүренің соңындағы үш аятты есі ауысқан адамның үстіне оқып үрлесе, Алла қаласа, сауығады.

материал «Шипалы дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: