19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Мұсылманға қол ұшын беру – ең абзал амал

Мұсылманға қол ұшын беру – ең абзал амал

Ислам тарихы

«Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» («Хаж» сүресі, 77-аят).

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімдекім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп айтты» – делінген (Бұхари, мазалим 3; Муслим, бирр 58).

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе, Алла Тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Алла Тағала екі дүниеде де оның айыбын жасырады. Сондай-ақ, Алланың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла Тағала да құлына жәрдем етуін тоқтатпайды.

Ал кім білім іздену жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Алланың үйлерінің бірінде бас қосып Құран оқып, оны өзара талқылап түсінуге тырысқан қауым жан тыныштығы мен Раббыларының шексіз мейіріміне бөленеді де, оларды періштелер айнала қоршап алады. Сондай-ақ, Алла Тағала құзырындағыларға олар жайлы мақтау айтады. Амалы жеткіліксіз болып, артта қалған пендені тектілігі алға шығара алмас», – деп айтты» – делінген (Муслим, зикр 38).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: