06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Басшылықта әділ болудың маңыздылығы

Басшылықта әділ болудың маңыздылығы

Ислам тарихы

«Шын мәнінде, Алла Тағала сендерге әділ болуды, жақсылық жасауды бұйырады» («Нахыл» сүресі, 90-аят).

«Әрдайым әділ болыңдар! Расында, Алла Тағала турашылдарды жақсы көреді» («Хужурат» сүресі, 9-аят).

Әбу Яғла Мағқил ибн Яәсар (р.а.): «Расулаллаyың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алла Тағаланың билікті нәсіп еткен қандай да бір құлы қол астындағыларын қулық-сұмдықпен басқарып жүріп қайтыс болса, Алла Тағала оны жұмақтан мақұрым етеді», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари, ахкәм 8; Муслим, имара 21).

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әділдікті ғұмырының темірқазығы етіп, турашыл болғандар (о дүниеде) Алланың құзырында нұрлы мінберлерге жайғасып отыратын болады. Олар – үкім шығарғанда, отбасы мүшелеріне және өздеріне бағынышты жандарға қатысты әділ болғандар», – деп айтты» – делінген. (Муслим, имара 18).

Ауф ибн Мәлик (р.а.): «Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Басшыларыңның қайырлысы – сендер оларды, олар да сендерді жақсы көргендер, әрі сендердің олар үшін дұға қылып, олардың да сендер үшін дұға қылғандары. Сондай-ақ, басшыларыңның ең нашары – сендер оларды, олар да сендерді жек көргендер, әрі сендердің оларға қарғыс айтып, олардың да сендерге лағынет жаудырғандары», – деп айтқанын естідім. Сонда біз: «Уа, Алланың елшісі! Олай болса, оларға қарсы шығамыз ба?» – деп сұрадық. Ол: «Жоқ, араларыңда жүріп намаз оқуды тастамайынша (оларға қарсы шықпаңдар)», – деп екі қайтара қадап айтты», – деген (Муслим, имара 65).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: