19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Құран тілі – Исламға ортақ тіл

Құран тілі – Исламға ортақ тіл

Ислам тарихы

Бір ағылшын кісі өзі сияқты христиан дінін ұстанатын қытайлық біреудің Інжіл оқып жатқанда жанында болып, бірақ қытай тілін білмейтін болса, оның не оқып отырғанын түсінбес еді.

Бірақ бір мұсылман, тіпті ол қандай ұлттың өкілі болса да, Құран оқыған кезде, оны кез келген басқа бір мұсылман лезде түсінеді. Тіпті мұсылмандар былай тұрсын, басқа дін өкілдері, яғни христиан, яһуди, будда немесе атеист біреу болса да, Құран оқылған кезде оның мұсылмандардың кітабы екенін бірден біледі. Бір тілде сөйлемесек те, біз мұсылмандар, Құран оқылған сәтте кітабымызды тыңдауға жиналамыз. Егер бір имам намазға тұрса, демде оның артынан ұйып, намазға қаз-қатар тұра қаламыз. Бізге ол имам қытай болсын, үнді болсын, араб не түрік, мейлі ағылшын болсын айырмашылығы жоқ. Жалғыз ғана «Фатиха» сүресі мен артынан оқылатын бір-екі сүрені білсе, арабшасын айна-қатесіз, дұрыс оқығанды білсе болғаны...

материал «Құран туралы білгім келеді» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: