20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Құранның мағынасын оқу жеткілікті ме?

Құранның мағынасын оқу жеткілікті ме?

Ислам тарихы

Абыз тарихтың қойнауында қалған, жұмбақ сырға толы алып сарайды елестетіп көріңіз. Осы сарайға кіру үшін ең алдымен оның есігін қағып көресіз, солай ма?!

Ондай керемет сарайлардың қақпалары да ерекше болады. Сыртқы қақпаның естен тандырар көркемдігі сарайдың ішін көруге ынтызар етер еді. Біздің келесі қарекетіміз – есікті қағып, ішкі кіру, сарайдың ішіндегі бар сұлулыққа куә болу. Енді Құранның мағынасы да осыған ұқсас дүние. Құранның мағынасы – сарайдың қақпасы деген сөз. Онсыз сарайға кіру мүмкін емес. Бірақ «сарайдың» ішін көзіңізбен көріп, қисапсыз қазынаға, баға жетпес құрылыстың кереметіне куә болу үшін «мағына» деп аталатын есіктен өту талап етіледі. Осы есіктен ішке кіруі үшін қаншама ғалымдарымыз Құранның мағынасын түсіндіретін тәпсір кітаптарын жазды. Құран тәпсірін оқу – оның аудармасынан да артық біліммен сусындауымызға себеп болады.

Осы тақырып аясында тағы бір қызықты мысалды айтуға болады. Құранның мағынасы – теңіздің беті сияқты. Теңізге қарағанда оның шетсіз-шексіз көз жетпейтін шекарасын, көкшіл әдемі түсін, толқыннан толқынға ұласып жататын буырқанысын көреміз. Бірақ теңіздің бар қызығы осы емес қой. Теңіздің барлық кереметі осымен аяқталып қалмайды. Оның астындағы неше түрлі балықтар, жанды мақұлықтар, бағалы маржандар – бәрі-бәрі көзге көрінбейтін нәрселер. Құранның мағынасы да, дәл осы сияқты «теңіздің беті» ғана. Сол себепті «Мен Құранның қазақша мағынасын оқыдым. Осы маған жетеді. Не түсінсем, сонымен амал етемін» деуіміз жөн бола ма?! Жоқ, әрине. Біз Құранның аудармасымен қоса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерін, небір ғұлама-ғалымдардың Ислам дініне қатысты жазылған еңбектерін өміріміздің соңына дейін оқып үйренуге, түсінуге міндеттіміз.

Құран сарайындағы қазыналар, Құран теңізінің астындағы сырлы әлем сізді әлі де қызықтырмады ма?

материал «Құран туралы білгім келеді» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: