29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Араларыңдағы ең жақсы және ең жаман адамдар»

«Араларыңдағы ең жақсы және ең жаман адамдар»

Ислам тарихы

Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шынайы мүмінді «Жұрт малдарын да, жандарын да сеніп тапсыра алатын адал жан» деп түсіндірген.

Тағы бір хадисте: «Сендер маған алты нәрсеге кепілдік берсеңдер, мен де сендердің жаннатқа кіретіндеріңе кепіл боламын», – дей отыра, ол алты нәрсенің сөйлегенде өтірік айтпау, уәдеде тұру, аманатқа қиянат жасамау, ар-ұятты сақтау, харамға көз салмау және өзгелерге зиян келтіруден сақтану екендігін айтып өткен. Айналасына сенімділік сыйлай білуге шақыратын тағы бір хадисінде: «Араларыңдағы ең жақсы және ең жаман адамдардың кімдер екенін айтайын ба?» – деп сұраған кезде, пайғамбардың дегенін дер кезінде ұғып алуға тырысатын сахабалары бірауыздан: «Айтыңыз, уа, Расулалла!» – дейді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз байыппен: «Ең жақсы адам – өзінен ұдайы жақсылық күтілетін, әрі басқалар одан қылдай қиянат келмейтіндігіне сенімді болған жан. Ал ең жаман адам – өзінен ешбір жақсылық күтілмейтін және өзге ел-жұрт одан қашан, қандай жамандық келер екен деп, қауіптеніп жүретін сенімсіз кісі», – дейді.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: