28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Қол-аяқтың тырнағын қай күні алған абзал?

Қол-аяқтың тырнағын қай күні алған абзал?

Ислам тарихы

«Тырнақты белгілі бір күні алу» жайында мынадай риуаят бар. 

Айша анамыздан келген бір риуаятта: «Кім жұма күні тырнағын алатын болса, келесі жұмаға дейін және оған қосып тағы үш күн Алла оны бәле-жаладан сақтайды», – делінген. Тырнақты қанша күнде алып тұру керек дейтін болсаңыз, абзалы – аптасына бір рет алып тұру. Ал, қырық күннен асса – харамға жақын мәкрүһ. Себебі, Сахаба Әнәс: «Мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық түгін жұлып, әурет түгін қыруды қырық күннен асырмауды бұйырды» – деген. 

Өскен тырнақ жеке гигиенаға да қайшы келеді. Ол арқылы адам ағзасына түрлі микробтардың түсуі мүмкін. Осыны ескерген ардақты Пайғамбарымыз тырнақ өсіруді құптамаған. Бұған байланысты Әбу Әйюб әл-Әзди былай дейді: «Пайғамбарымызға бір кісі келіп көктен келетін хабарды сұрады. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с): «Біреулерің келіп көктегі хабар жайында сұрап жатыр. Тырнағы кірге толы, құстың тырнағы сияқты өсіріп алыпты», – деп ескерту  жасаған».

Тырнақ алу әдебі бойынша, әуелі оң қолдың сұқ саусағынан бастап, ретімен ортаңғы, аты жоқ және шынашақ, ең соңында басбармағының тырнағы алынады. Сол қолы шынашағынан бастап, ретімен басбармағының тырнағымен алумен аяқталады. Аяқ тырнақтарын оң аяғының кішкентай башпайынан бастап,  ретімен алады. Ал, сол аяғының тырнағын, керісінше, үлкен башпайынан бастап, кішкентай башпайынан аяқтайды.

Ескерте кетерлік бір жайт, тырнақты тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында алуға болады. Кейбір қандастарымыздың айтып жүргеніндей «түнде тырнақ алуға болмайды» деген тыйым шариғатта жоқ.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: