25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қаза болған кісі жүніп күйінде өлсе, ақыретке имансыз кеткені ме?

Қаза болған кісі жүніп күйінде өлсе, ақыретке имансыз кеткені ме?

Ислам тарихы

Терминологияда жүніптік дегеніміз жыныстық қатынас немесе бойдағы шәһуат сезімінің нәтижесінде мәнидің сыртқа шығуына байланысты кісінің кейбір құлшылықтарды орындай алмайтын жағдайдағы үкімдік тұрғыдан ластық жағдайын айтады.

Мұндай кісі есінен танса, ұйқысынан тұрғанда бойынан бөлінген ылғал бір нәрсе көрсе, ғұсыл алғаны дұрыс. Егер қандай да бір себеппен ғұсыл ала алмай жүніп күйінде өлсе, артында қалған мұсылмандар ғұсыл беріп, яғни жуындырып жерлесе жеткілікті. Ең маңыздысы, тірі кезінде иман айтып, Алланың бірлігіне сенген болуы. Мұндай жағдайда жүніпсіз өлсе де мұсылман болып саналады. Негізінде иісі мұсылман баласы ғұсыл құйынып, яғни бой дәретін алып, жүніпсіз жүрмегені дұрыс. Өйткені Алла Тағала Құранда ғұсылмен жүру парыз екенін мына бір аятта: «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар» («Маида» сүресі, 6-аят) деп дененің жуылуын айтса, тағы бір аятта: «Тазаланбастан, жүніп күйінде намаз оқымаңдар» («Ниса» сүресі, 43-аят) деп бұйырған.

Алайда жүніп мұсылман тәндік тұрғысынан лас саналмайды. Мұндай жағдайда дәрет алып, тым болмаса қолы мен аузын сумен шайып тамақ жеп басқа істерін де істей алады (Әбу Дәуіт, Таһарат: 87).

Жүніп адамға төмендегі нәрселерді жасау харам:

1. Жүніп ер мен әйелдің намаз оқуына

2. Қағбаны тауап етуіне

3. Зәру жағдай болмаса мешітке кіруіне

4. Құранды ұстап оқуына. Бірақ Құранды қабымен немесе орамамен ұстауына болады.

Сол себепті, жүніп болған кісілер тезірек ғұсыл алуға асығуы керек.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: