29
Жұма,
Наурыз

һижри

Суды үш рет бөліп, демалып ішудің маңызы

Суды үш рет бөліп, демалып ішудің маңызы

Ислам тарихы

Әнас бин Малик (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) суды үш рет бөліп ішіп: Бұл – шөлді ең жақсы қандыратын, денсаулыққа ең пайдалысы және ең дәмдісі»,(Муслим) – делінген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) суды үш бөліп ішкенді құп көретін. Хадисте айтылғандай, әр реттің арасында тыныстап, демалып алатын. Бұл шөлді қандырып әрі  суді ағзаға мейлінше пайдалы ете түседі.

Ал, суды бір деммен тоқтаусыз ішу асқазанды тітіркендіреді. Салдарынан асқазан мен бауырдың жұмыс реті бұзылады.

Түйіндей айтқанда, су ішудің ең маңызды мынадай әдептері бар:

1. Су және ас ішуден алдын «Бисмилла» айту;
2. Ас және суды оң қолмен ішу;
3. Суды үш бөліп ішу;
4. Ыдысқа үрлемеу (ыстық сусын болса);
5. Суды отырып ішу.
6. Шүкіршілік ету. Су мен тағамды ішіп болған соң, «Әлхамдулилла» деп шүкіршілік айту.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: