25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қабір тұрғызуды бәсекеге айналдыру – шариғатқа қайшы іс

Қабір тұрғызуды бәсекеге айналдыру – шариғатқа қайшы іс

Ислам тарихы

Қабірді жабайы аңдар қазып кетпесін, төрт түлік мал үстін, басын таптамасын деген ниетте қоршап қоюға болады.

Қорым сыртынан жалпылай қоршалған болса, марқұмның басына белгі ретінде құлпы тас қою жеткілікті. Қабір тұрғызуды бәсекеге айналдырып, күмбездеп, зәулім қылып салып, ысырапқорлыққа салыну – шариғатымызға қайшы келетін іс. Сонымен қатар қабірдің үстін бетонмен құюға, марқұмның суретін бейнелеуге, мүсінін жасауға дінімізде тыйым салынған. Қабірдің бас жағына тастан, ағаштан белгі қойып, есімін жазып қоюға болады. Бұл қабірді зиярат еткенде марқұмды тез тауып алу үшін жасалады. Осман ибн Мазғун деген кісі қайтыс болғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оның басына тас қойып: «Бұл бауырымның қабірін білуім және отбасымнан көз жұмғандарды оның қасына жерлеуім үшін», - деп айтқан.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: