03
Жұма,
Мамыр

һижри

Адам ата ең бірінші пайғамбар ма?

Адам ата ең бірінші пайғамбар ма?

Ислам тарихы

Адам ата жаратылмастан бұрын Алла Тағаланың құзырында періштелер бар еді. Жаратушы Иеміз жер бетіне иелік ететін бір тіршілік иесін жаратуды қалады.

Өзінің бұйрықтары мен тыйымдарын жүзеге асырып, күллі тіршіліктің жауапкершілігін өз мойнына алатын ерекше ақылды жанды Жер бетіне жіберуді көздеді. Алла Тағала жаратуды қалаған тіршілік иесі – адамдар еді.

Адам жаратылмастан бұрын періштелерге: «Мен жер бетінде орынбасар жаратамын», – деген кезде, (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінде, біз Сені дәріптеп, мақтаймыз және пәктейміз», – дейді.

Періштелер адамзат баласының жаратылуына қарсы болған жоқ. Алайда алаңдауларының себебі бар еді. Өйткені жер бетінде адамнан бұрын жындар жаралды. Олар Алланың бұйрықтарына қарсы келіп, бір-бірімен жауласып, қан төгіп, күнә істеп, түрлі бұзақылықтар жасады. Періштелер Алла Тағаланың адамды жаратудағы хикметін білмей, басында «Адамдар да жындар сияқты бұзғыншылық жасайды-ау...» деп уайымдайды.

Періштелердің қандай жаратылыс екенін жақсы білесіңдер. Олар – күні-түні Алланы ғана дәріптеп, Оған мақтау-мадақтар арнап, күнәдан аулақ, пәк жаратылыс. Алла Тағаланың адамды жаратуында да Жаратушымызға тән үлкен хикмет бар. Періштелер Алла Тағаланың мақсат-мұратын кейін ұғады. Алла Тағала сонда періштелердің осы уайымдарына жауап ретінде «Мен сендердің білмейтіндеріңді білемін» («Бақара» сүресі, 30-аят) деді.
Осылайша Алла Тағала жер бетінде ерекше тіршілік иесін жаратты. Жер бетінде құлшылық міндеті жүктелген алғашқы жаратылыс – Адам ата. Әлбетте, ол – адамадамзаттың атасы әрі бірінші пайғамбары.

материал «Құрандағы пайғамбарларды танығым келеді» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: