18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Ислам дінінде тыйым салынған нәрселер

Ислам дінінде тыйым салынған нәрселер

Ислам тарихы

Дінімізде тыйым салынған нәрселер «харам» деп аталады.

Алланың әмірлерінің бізге хикметі мен пайдалары болғаны сияқты тыйым салған нәрселердің біз үшін дүниеде де, ақиретте де зияны бар. Алла Тағала бізге мейірбандылықпен зиянды нәрселерге тыйым салған, олардан бойымызды аулақ ұстауымызды қалаған. Харам нәрселерді жасағандар Аллаға мойынсұнбай, оның әміріне құрмет көрсетпеген болып есептеледі. Әрі бұл әрекеттерінің жазасын тартады.

Харамдардың зиянынан құтылып, жазасын тартпас үшін дініміздегі тыйым салынған жайттарды біліп, олардан аулақ болуымыздың маңызы зор.

Тыйым салынған (харам) жайттар:

1) Алланың бір болғандығына қарсы, оған серік қосу;

2) Ата-анаға бағынбай, қарсы келу;

3) Жазықсыз адам өлтіру;

4) Бөтеннің малына және арына қол сұғып, зина жасау;

5) Адамды мас қылатын әр түрлі спиртті ішімдіктер, апиын, есірткі, героин т.б. сияқты заттарды тұтыну;

6) Құмар ойнау, өсімқорлық жасау;

7) Ұрлық, алаяқтық жасау, саудада алдау;

8) Өлген жануар, шошқа еті мен етін жеуге болмайтын адал емес жануарлар етін жеу;

9) Өтірік айту, өтірік ант ішу, басқаларды жамандау, жала жабу, жалған куәлік ету, басқаларды мазақтау, өсек тарату, сөзінде тұрмау;

10) Көре алмау (басқалардың жақсылықтарын қызғану) өкпе арту, ұзақ уақыт ренжу;

11) Әскерлік борышын өтеуден қашу, Отанға қиянат жасау;

12) Адамдардың арасына іріткі салу, ажырату, сөз тасып адамдарды бір – біріне айдап салу;

13) Екіжүзді болу, өзін жоғары санап басқаларды менсінбеу;

14) Жақсы білмеген нәрсесі туралы төрелік ету;

15) Қиянатшылдармен жолдас болу;

16) Сиқыр жасау, сиқыршылардың сөзіне сену;

17) Малын, ақшасын ысырап ету немесе мүлдем сараң болу;

18) Басқалардың үйіне баса көктеп кіру;

19) Ғибадаттарымен жасаған жақсылықтарын Алла үшін емес, көз бояушылық үшін жасау;

20) Басқалардың кемшіліктерін іздеу;

21) Әділетсіздік пен жамандыққа көмектесу;

22) Өзіне тапсырылған аманатқа қиянат жасау.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: