19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Алла Тағаланы тану үшін адамның ақылы əлсіз

Алла Тағаланы тану үшін адамның ақылы əлсіз

Ислам тарихы

Біліп ал, негізінде Алла Тағала ең анық жəне белгілі Зат. Алла Тағала танымы – ең алғашқы таным.

Бұл таным адам зердесі үшін ең жақын таным болғандықтан, ақыл бұған тез жəне жеңіл келуі тиіс. Алайда біз мұның теріс жағын көреміз. Олай болса, біздің бұл мəселеге біраз тоқтап өткеніміз жөн болар.

Сонымен, Алла тағала ең анық жəне белгілі Зат. Бұған мысал келтірейік: əдетте, біз бір адамның жазумен айналысып немесе киім тігіп отырғанын көрсек, онда біз оның өмірі туралы ой жүгіртеміз. Оның тіршілігі, тігіншілік өнері, шамасы мен қалауы біздің көз алдымызға елестейді. Ол адамның бойындағы көптеген жасырын жəне белгілі қасиеттері бізге шамамен мəлім болады.

Негізінде, ол шебердің əуестігі, ашуы, мінез-құлқы мен саулығы, білімі сияқты т.б. сипаттары белгісіз. Тіпті көзге көрінетін кейбір қасиеттерінің бірін білсек, бірін білмейміз. Алайда солай бола тұра, біз бір көргенімізден оның өмірі, шама-шарқы жəне жалпы тіршілігі туралы белгілі ой құраймыз. Біздегі бұл білім адам бойындағы бес сезім түйсіктері арқылы келе қойған жоқ. Керісінше, бұл адамның өмірі туралы мəліметті біз оның киім тігісі мен қимылынан (қимыл-əрекетінен, шапшаңдығы мен шеберлігінен) байқадық.

Олай болса, бұл дүниеде түйсік ағзалары арқылы көрінетін жəне сезілетін ашық, жасырын барлық нəрсе – тас, топырақ, өсімдік, ағаш, жануар, аспан, жер, жұлдыз, теңіз, от, ауа, материя, дене жəне ондағы қасиеттер түгелімен Алла Тағаланың болмысына, Оның құдіретіне, іліміне жəне т.б. сипаттарының толықтай бар екеніне дəлел.

Алланың бар екеніне ең бірінші айғақ – өзіміз. Біздің тə- німіз, сипатымыз, жағдайымыз бен жүректегі сезімдер мен көңіліміздің тұрақсыздығы дəлел. Бізге мəлім нəрселердің ең біріншісі əрі анығы – біздің нəпсіміз, кейін бес түйсік арқылы білінетін нəрселер, мұнан соң ақыл мен зерде арқылы танылатын нəрселер келеді. Танылатын нəрселер үшін бір танитын, бір куə болатын жəне бір айғақ бар.

Дүниедегі барлық нəрселер өз Жаратушысының бар екеніне, Оның Əрекет еткізуші жəне Басқарушы, Қозғалтушы екеніне дəлел. Олар Жаратушының іліміне, құдіретіне, мейірімі мен даналығына айғақ.

материал «Аллаға иман» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: