17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Кішкентай балаларға дінімізді қалай жақсы көргізе аламыз?

Кішкентай балаларға дінімізді қалай жақсы көргізе аламыз?

Ислам тарихы

Сұрақ: Кішкентай балаларға дінімізді қалай жақсы көргізе аламыз, қалай тәрбиелеуіміз керек?

Жауап: «Былай істе, былай істеме» деудің орнына үлгі болуымыз керек. Өйткені іс-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді. Өзіміз халімізбен, әрекеттерімізбен жақсы үлгі, өнеге бола алсақ тәрбие ісі жартылай атқарылды деген сөз. Сосын пайғамбарымыздың, сахабалардың, дін ұлыларының, әулиелердің өмірбаяндарын айтып, ғибратты оқиғаларын айтып оларға деген сүйіспеншілікті ұялату керек. Бұл сүйіспеншілік берілсе олардың атын айтып Алла Тағаланы түсіндіру, дініміздің әмірлерімен тыйымдарына дағдыландыру оңай болады.

Адам жақсы көрген адамдарына ұқсағысы келеді, жақсы көрген адамдарының сөздеріне мойынсұнады. Дін ұлылары шәкірттеріне ең бірінші намаздан, оразадан, харамдардан айтпайтын еді.

Мәселен хазреті Имам Раббани өз ұстаздары туралы айтатын, соларды жақсы көргізетін. Одан кейін олар құрлықта да, теңізде де, ауада да яғни барлық жерде намазды, дініміздің әмірімен тыйымдарын ойлайтын еді. Дін ұлыларына деген сүйіспеншілік дәрі секілді. Олардың сүйіспеншілігімен, берекесімен дінімізге мойынсұну өте оңай болады.

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: