29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Кімнің намазын қабыл етесің?»

«Кімнің намазын қабыл етесің?»

Ислам тарихы

Бірде Дәуіт (аләйһис-сәлам) Алла Тағаладан: «Пейішіне кім кіреді және кімнің намазын қабыл етесін?» деп сұрайды.

Сонда Алла Тағала: - «Менің ұлылығыма кішіпейілділік танытқан, күні-түні Мені есіне алып, разылығымды алу үшін нәпсіқұмарлығынан тыйылған, аштарды тойдырып, жарлылармен дос болған, қиыншылыққа душар болғандарға шын жанашырлық таныта білген адамдар менің пейішіме кіреді, намаздары қабыл болады. Осындай құлдарымның нұрлары көктегі күндей жаркырайды. Бұлардың дұғаларын қабыл қылып, қалауларын беремін. Ашушаңдықтарын мейірімділікке, ғапылдықтарын зікірге, қараңғылықтарын нұрға айналдырамын. Мұндай жандардын пейіштегі орындары «фирдаус бағы» болады. Олардың су аққан арықтары ешқашан суалмайды, жемістері солмайды», - деген.

материал «Қабірді нұрға бөлеген құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: