19
Жұма,
Сәуір

һижри

Ғайбат айтқан адамға қандай қатынас жасау керек?

Ғайбат айтқан адамға қандай қатынас жасау керек?

Ислам тарихы

Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) айтады:

«Алла елшісі (с.а.с.): «Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Алла мен Оның Елшісі әлдеқайда жақсы біледі!» – деді. Осыдан кейін: «Ғайбат – мұсылман бауырың туралы (егер естісе) оған ұнамайтын сөз айтуың» деп түсіндірді. Сол жердегі бір кісі: «Егер менің айтқандарым рас болып, мен сөз еткенмін оның бойында болса ше?» – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): «Егер айтқандарың оның бойында болса, ғайбат жасағаның. Айтқандарың оның бойында болмаса, жала жапқаның» – деді».

ТҮСІНДІРМЕ:

Көрініп тұрғанындай, Алла елшісі (с.а.с.) ғайбатты айтылған адам естіген жағдайда ұнатпайтын сипаттарымен оны еске алу деп түсіндірген. Бұл сипат оның бойында болса да ғайбат күнәсі жеңілдемейді. Ал болмаса ғайбаттан да үлкен күнә, яғни жала болып шығады. Ғайбатқа қатысты ғалымдар айтқан анықтамалар – хадистегі осы түсіндірмеден бастау алады.

Әзірет Айша (р.а.) айтады: «Уа, Расулалла! Сафияның  бойындағы мынадай нәрселер жеткілікті» – дедім. (Ол менің бұл сөздерімді жақтырмай): «Өте жаман сөз айттың. Егер ол сөз теңізге араласса (теңіздің суын да басып кетіп) бұзып жіберер еді», – деді. Әзірет Айша оған қоса тағы да былай дейді: «Мен Алла елшісіне (с.а.с.) бір адамның (қорлау мақсатында) қылығын салдым. Маған сол мезетте: «Мен басқа бір адамды (кемшілігінің себебінен сөз бен іспен) мазақтамаймын. Тіпті (сол үшін) маған осыншама (көптеген дүниелік) нәрселер берілсе де» деп айтты.

3. Әзірет Әнәс (р.а.) айтады: «Расулалла (с.а.с.) былай деді: «Миғраж түнінде темірден жасалған тырнақтары бар бір қауымға кезіктім. Онымен беттері (мен кеуделерін) тырнап жатты. Мен: «Уа, Жәбірейл! Мыналар кім?» – деп сұрадым. Ол: «Бұлар адамдардың етін жегендер және абыройларын таптағандар» – деді». «Әбу Дәуіт, Әдеп 40, (4878, 4879).»

ТҮСІНДІРМЕ:

1. Хадисте айтылған «адамдардың етін жегендер» деген сөзбен аятта айтылғандай ғайбат айтушылар көзделген.

2. Ғайбат айтқандардың жүздері мен кеуделерін тырналаумен жазалануына қатысты Тиби мынадай түсіндірме жасайды: «Бет пен кеудені тырнау – аза тұтқан әйелдердің сипаты болғандығына байланысты мұсылмандарды ғайбаттап абыройларын аяқасты еткендерге жаза ретінде бекітілген. Осылайша бұл екі сипаттың ер кісілерге жараспайтындығы, ең жаман әйелдердің сипаты екендігі көрсетіледі».

4. Мустәурад (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: «Кімде-кім бір мұсылман (ғайбаттап, абыройын аяқ асты ету) арқылы бір үзім нан жейтін болса, Алла тағала оған міндетті түрде тура сондайын тозақта жегізеді. Кімге мұсылман бір адамға (ғайбат айту мен жала жабуының) себебінен (марапат ретінде) бір киім кигізілсе, Алла тағала міндетті түрде дәл сондайын тозақта кигізеді. Кімде-кім (байлығы мен лауазымы бар үлкен кісілерден) бір адамның себебінен бір лауазым алып (ол жерде тақуа әрі ізгі адам ретінде көрініп, мақам мен ақшаға жетуге көздесе) Алла тағала қиямет күні оны екіжүзділер мақамына отырғызып, (масқарасын шығарып, екіжүзділерге сай азаппен азаптайды)».

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: